Зумерлер немесе бумерлер: Қазақстанда кім көбірек табады? » DailyKz
Экономика

Зумерлер немесе бумерлер: Қазақстанда кім көбірек табады?

Қазақстандағы зумерлер миллениалдар мен бумерлерге қарағанда аз табыс табады – олардың орташа жалақысы айына 279,9 мың теңге шамасында. Ал X ұрпағының өкілдері орта есеппен 430 мың теңге алады. Толығырақ – dailykz сайтында.

2025 жылдың үшінші тоқсанында Қазақстандағы орташа жалақы 429 368 теңгені құрады. Алайда бұл көрсеткіш өңірге, салалық ерекшеліктерге, сондай-ақ қызметкердің жынысы мен жасына байланысты едәуір өзгеріп отырады.

Әр ұрпақтың өз атауы бар екені жасырын емес: зумерлер, миллениалдар, X ұрпағы, бэби-бумерлер. EnergyProm порталының мәліметіне сүйенсек, ресми статистика бойынша әр ұрпақты жас ерекшелігімен салыстырғанда мынадай көрініс шығады:

  • Зумерлер – 16–24 жас;
  • Миллениалдар – 25–34 жас және 35–44 жас;
  • X ұрпағы – 45–54 жас және 55–64 жас;
  • Бэби-бумерлер – 65 жастан жоғары.

Қоғамда қазіргі уақытта «зумерлер дәуірі басталды, олар ең көп табыс табады және классикалық 8 сағат жұмыс істемейді» деген пікір бар. Дегенмен Қазақстанда жағдай басқаша болып тұр.

Ресми статистика бойынша, еліміздегі зумерлер ең аз табыс табатындар – олардың орташа жалақысы айына 279,9 мың теңгені құрайды. Салыстыру үшін: қазақстандық зейнеткерлер-бумерлердің орташа табысы 337,9 мың теңге.

Миллениалдардың орташа жалақысы 25–35 жас аралығында 393,8 мың теңгеден, ал 35–44 жас тобында 455,1 мың теңгеге дейін өзгереді.

X ұрпағының табысы да ұқсас: 45–54 жас тобында орташа жалақы 430 мың теңге, ал 55–64 жас аралығындағы азаматтар үшін – 377,4 мың теңге. Айта кету керек, жас – жалақы мөлшерін анықтайтын басты фактор емес. Көп жағдайда қызметкердің білімі маңызды рөл атқарады. Кәсіпорындар жоғары білімді мамандарға қосымша төлем жасауға дайын.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі орташа жалақы жыл ішінде 10%-ға өсті. Алайда инфляцияны есепке алсақ, нақты өсім жоқ – азаматтардың сатып алу қабілеті жыл ішінде 2%-ға төмендеді.

Related Articles

Back to top button