Токаев пен Путин жылы қоштасты » DailyKz
Новости Казахстана

Токаев пен Путин жылы қоштасты

Бүгін түнде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына мемлекеттік сапары аяқталды, деп хабарлайды dailykz. Ақорда дерегінше, Қазақстан мен Ресей президенттері жылы қоштасып, өзара достық атмосферада пікір алмасты.

Внуково әуежайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Ресей Үкіметінің вице-премьері Алексей Оверчук және басқа да ресми тұлғалар шығарып салды.

Еске салайық, 11 қарашада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапары басталған болатын.

Сапардың бірінші күні Тоқаев Кремльде Владимир Путинмен кездесті. Кейін ресми кездесуден тыс, президенттер бейресми жағдайда әңгімелесіп, Ресей президенті Қазақстан басшысын шай ішуге шақырды. Кеше Тоқаев Ресей Федерациясы Федерация Кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенкомен кездесті. Сондай-ақ, Кремльде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясы Президенті Владимир Путин арасындағы келіссөздер өтті.

Кездесулер қорытындысында екі ел басшыларының қатысуымен үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттарға қол қойылып, олар алмасылды.

Related Articles

Back to top button