Токаев құрметіне Жапонияда ресми қабылдау өткізілді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құрметіне Жапонияда император Нарухитоның атынан ресми қабылдау ұйымдастырылды. Бұл туралы dailykz Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен император Нарухито жылы қоштасып, өзара сыйластықтарын көрсетті.
Еске сала кетейік, кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапармен келді. Токио қаласындағы Ханэда халықаралық әуежайында оны Жапонияның сыртқы істер жөніндегі мемлекеттік министрі Аяно Кунимицу қарсы алған болатын.
Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы хабарлағандай, Қазақстан Президентінің Жапонияға сапары барысында миллиардтаған долларлық келісімдерге қол қойылуы жоспарланған. Бүгін Мемлекет басшысы Императорлық сарайға келіп, өзінің Жапонияға алғашқы ресми сапарын император Нарухитомен кездесу арқылы бастады.




