Тоқаевты Ташкентте қалай қарсы алды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға мемлекеттік сапармен келіп, ресми қабылдау рәсімі өтті, деп хабарлайды dailykz.
Рәсім барысында Қазақстан мен Өзбекстанның мемлекеттік әнұрандары орындалып, пошет ротасының командирінің рапорты тыңдалды.
Церемония соңында екі мемлекеттің басшылары ресми делегация мүшелерін таныстырды. Келесі күні сапар бағдарламасына сәйкес президенттер келіссөздер жүргізеді.
Сонымен қатар, олардың төрағалық етуімен Қазақстан мен Өзбекстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысы өтеді. Кейін «Ташкент-Хумо» халықаралық әуежайында екі ел басшылары арасында жеке кездесу ұйымдастырылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеев стратегиялық серіктестік пен одақтастық аясында қазақстан-өзбек қарым-қатынастарын одан әрі тереңдету мәселелері бойынша пікір алмасты.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақын күндері жоспарланған іс-сапарлары туралы хабарланған – Ресейден оралғаннан кейін Президенттің Өзбекстанға бағыт алатыны айтылған еді.
Бүгін Тоқаев Ташкентке келді. «Шығыс» әуежайында жоғары қонақ құрметіне пошет ротасы тұрғызылды, Мемлекет басшысын әуежайда Шавкат Мирзиеев қарсы алды.




