Новости Казахстана
Тоқаев Ташкентке келді: Мирзиеев оны әуежайда қарсы алды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевтің шақыруымен мемлекеттік сапармен Ташкентке келді, деп хабарлайды dailykz.
«Шығыс» әуежайында жоғары қонақ құрметіне арнап пошет ротасы тұрғызылды.
Мемлекет басшысын әуежайда Шавкат Мирзиеев қарсы алды. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақын күндері жоспарланған іс-сапарлары туралы хабарланған еді – Ресейден оралғаннан кейін Президенттің Өзбекстанға бағыт алатыны айтылған.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы сәуірде Өзбекстанға жұмыс сапарымен барған болатын.




