Тоқаев Сиднейдегі терактіні қатаң айыптады » DailyKz
Новости Казахстана

Тоқаев Сиднейдегі терактіні қатаң айыптады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Австралия премьер-министрі Энтони Албанизге көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап dailykz хабарлайды.

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Сиднейде Ханука мерекесін атап өту кезінде болған қайғылы оқиғаларға байланысты Австралия Үкіметінің басшысына және бүкіл ел халқына көңіл айтты.

Мемлекет басшысы қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл білдіріп, жарақат алған азаматтардың тезірек сауығып кетуін тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл қатыгез зорлық-зомбылық әрекетін батыл түрде айыптап, осындай ауыр сәтте Қазақстанның Австралия халқымен толық ынтымақта екенін растады.

Еске салайық, 14 желтоқсанда Сидней жағажайында Ханукаға арналған іс-шара барысында екі ер адам оқ жаудырып, салдарынан адамдар қаза тауып, бірнешеуі жарақат алған. Полиция шабуылдаушылардың бірінің көз жұмғанын хабарлады. Кейінірек атысты ұйымдастырған екі адамның әке мен бала екені белгілі болды. Полиция басшысы бұл оқиға ресми түрде террористік акт деп танылғанын мәлімдеді.

Related Articles

Back to top button