Тоқаев Чилидің жаңа президентін сайлануымен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Хосе Антонио Кастты Чили Республикасының президенті болып сайлануымен құттықтады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап dailykz хабарлайды.
Ақорданың мәліметінше, құттықтау жеделхатында Қазақстан Президенті Чилидің алдағы уақытта да қарқынды дамуын жалғастырып, халықаралық аренадағы беделін нығайта түсетініне сенім білдірген.
Қасым-Жомарт Тоқаев Хосе Антонио Кастқа жауапты қызметінде табыс тілеп, ал достас чили халқының игілігі мен өркендеуін тіледі.
Еске сала кетейік, 59 жастағы Хосе Антонио Каст Республикалық партия атынан Чилидегі президент сайлауында жеңіске жетті. Ол Пиночет дәуірінен кейінгі алғашқы ультраоңшыл президент атанбақ.
Сайлауалды науқан барысында Каст қылмыс пен заңсыз көші-қонға қарсы қатаң шараларға басымдық берді. Ол негізінен венесуэлалықтардан тұратын жүздеген мың заңсыз мигрантты елден шығаруға уәде еткен.




