Тоқаев бірқатар елдердегі Қазақстан елшілерін ауыстырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар елдердегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдерін ауыстырды. Тиісті жарлықтарға Президент қол қойды, деп хабарлайды dailykz Ақордаға сілтеме жасап.
Жарлыққа сәйкес, Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Чехия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды. Осыған байланысты ол Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, сондай-ақ Қаруды тыйым салу ұйымы жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі қызметтерінен босатылды.
Сонымен қатар Ақан Акасұлы Рахметуллин Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, әрі Қаруды тыйым салу ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметтеріне тағайындалды.
Мемлекет басшысының тағы бір жарлығымен Бақыт Амангелдіұлы Дүйсенбаев Қазақстан Республикасының Чехия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстанның Еуропалық Одақ және Солтүстік Атлантикалық шарт ұйымы (НАТО) жанындағы өкілдігінің басшысы Роман Юрьевич Василенко Қазақстан Республикасының Ұлы Люксембург Герцогтігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқаратын болды.




