Тоқаев: Қазақстан басқа елдерден электр энергиясын сатып алмауы тиіс » DailyKz
Новости Казахстана

Тоқаев: Қазақстан басқа елдерден электр энергиясын сатып алмауы тиіс

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдің электр энергиясын шет мемлекеттерден сатып алмауы керектігін мәлімдеді. Оның айтуынша, Қазақстанның өз өндірістік әлеуеті мен мол табиғи ресурстары бұл қажеттілікті толық қамтамасыз ете алады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап dailykz хабарлайды.

Ақордада өткен салтанатты жиында энергетика саласының қызметкерлерін құттықтаған мемлекет басшысы еліміздің тұрғындары өзге елдерден электр қуатын сатып алуға мәжбүр болмауы тиіс екенін атап өтті. Президент мұны Қазақстанның бай табиғи қоры мен өндірістік мүмкіндіктерімен тікелей байланыстырды.

«Түптеп келгенде, бұл – ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Елдің орасан зор энергетикалық әлеуетін тиімді пайдалану қажет. Қазақстанда көмірдің мол қоры бар, жыл сайынғы өндіріс көлемі 110 миллион тоннадан асады. Бұл стратегиялық артықшылықты барынша тиімді қолдану аса маңызды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Президент көмір электр станцияларының жұмыс тиімділігін арттыратын заманауи «таза көмір» технологияларына көшу үдерісін жеделдету керектігін айтты. Бұл бағыт ел энергетикасының тұрақты дамуына жол ашатынын жеткізді.

Мемлекет басшысының айтуынша, Курчатов қаласында жылу электр станциясын, ал Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында жылу электр орталықтарын салу қажет. Аталған нысандардың барлығы «таза көмір» технологиясы негізінде жұмыс істеуі тиіс.

«Алайда бұл жобалардың жүзеге асырылуы созылып кетті. Мен мұны қабылдауға болмайды деп санаймын», – деп түйіндеді Президент.

Қазақстан басқа елдерден электр энергиясын сатып алмауы тиіс

Related Articles

Back to top button