Теренс Кроуфорд мансабын аяқтағанын жариялады » DailyKz
Новости Спорта

Теренс Кроуфорд мансабын аяқтағанын жариялады

Бокстан бұрынғы абсолютті әлем чемпионы, америкалық Теренс Кроуфорд кәсіби мансабын аяқтайтынын мәлімдеді. Бұл туралы спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлап, деп жазады dailykz.

Боксшы Instagram парақшасында арқанға ілінген қолғаптардың фотосын жариялап, спорттан кететінін ашық айтты.

«Дәлелдейтін ештеңесі қалмаған ұлы боксшы ретінде кетіп барамын», – деп жазды Кроуфорд.

Сонымен қатар Теренс Кроуфорд өзінің YouTube-арнасында бейнежазба жариялап, бокстағы жолын еске алып, жеңіліссіз мансабын аяқтайтынын растады.

«Мен бұл спортқа барымды бердім. Ең мықтылармен жұдырықтастым, салмақ дәрежелерін бағындырдым және өз тарихымды өз шарттарыммен жаздым. 42–0. Үш дүркін абсолютті әлем чемпионы. Бес салмақ дәрежесінде әлем чемпионы. Қысқа жол болған жоқ. Сылтау да болған емес. Бұл боксқа қоштасу емес, бұл – алғыс айту. Отбасыма, командамa, туған қалама және осы жолдың әр сәтінде жанымда болған жанкүйерлерге рахмет. Бокс маған бүгінгі адам болуға көмектесті.

Қолғапты шештім, бірақ мұра мәңгі қалады. Тарих ешқашан зейнетке шықпайды», – деді Кроуфорд.

Айта кетейік, желтоқсан айының басында Теренс Кроуфорд абсолютті әлем чемпионы атағынан айырылды. WBC ұйымы чемпиондық жарнаны төлемегені үшін оның белбеуін қайтарып алды. Абсолютті чемпион мәртебесін сақтау үшін бір мезгілде WBC, WBO, WBA және IBF тұжырымдамалары бойынша чемпиондық белбеулерге ие болу қажет.

Бұған дейін Кроуфорд қыркүйек айында мексикалық Сауль «Канело» Альваресті жеңіп, екінші орта салмақта абсолютті әлем чемпионы атанған еді. Осылайша америкалық бокс тарихында үш салмақ дәрежесінде абсолютті чемпион атағын алған алғашқы спортшы болды.

Теренс Кроуфорд мансабын аяқтағанын жариялады

Related Articles

Back to top button