Тарихи жекпе-жек: Жәнібек Әлімханұлы үш чемпиондық белбеу үшін шаршы алаңға шығады » DailyKz
Спорт

Тарихи жекпе-жек: Жәнібек Әлімханұлы үш чемпиондық белбеу үшін шаршы алаңға шығады

Әлемнің WBO және IBF нұсқалары бойынша чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы алдағы жекпе-жек туралы ресми түрде хабарлады, деп жазады dailykz.

«Бұл орта салмақтың найзағайы! Қазақ стилі мен кубалық тәсілдің айқасы! Чемпиондар шайқасы, нағыз элиталық бокс! Бұл жекпе-жекті жанкүйерлер көптен күтіп жүр! 6 желтоқсанда мен әлем чемпионы атағын үшінші рет қорғаймын!» – деп жазды спортшы өз парақшасында.

Жарияланған постерге сүйенсек, Жәнібектің қарсыласы – WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, кубалық Эрисланди Лара болмақ.

Жекпе-жек 6 желтоқсанда АҚШ-тың Техас штаты, Сан-Антонио қаласында өтеді. Бұл туралы Sports.kz басылымы хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, кездесу 20 мың көрерменге арналған аренада, «Amazon» стримингтік платформасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Мамандардың пікірінше, бұл – Әлімханұлының карьерасындағы ең маңызды және тарихи жекпе-жек. Қазақстандық бокс тарихында оның мәнін асыра бағалау мүмкін емес. Бұл айқас Жәнібектің есімін әлемдік аренада жаңа деңгейге көтеріп, қазақ боксының беделін одан әрі арттырмақ.

Related Articles

Leave a Reply

Back to top button