Тәжікстандық UFC жауынгері Мұхаммад Наимов алғаш рет нокаутпен жеңілді

UFC 323 турнирінің алғашқы жекпе-жегінде тәжікстандық файтер Мұхаммад Наимов бразилиялық Майрон Сантосқа мерзімінен бұрын есе жіберді, деп хабарлайды dailykz тілшісі.
Айқас жартылай жеңіл салмақ дәрежесінде (65,8 кг-ға дейін) өтуі тиіс еді. Алайда Сантос салмақ өлшеу рәсімінен өтпей, соның салдарынан гонорарының 20 пайызы Наимовтың пайдасына ұсталып қалды.
Жекпе-жек үш раундқа жоспарланғанымен, толық қашықтыққа жеткен жоқ. Шешуші раундтың басында бразилиялық спортшының басқа бағытталған жойқын соққысы қарсыласын кенепке құлатты. Қысқа добиваниеден кейін төреші техникалық нокаут тіркеді.
31 жастағы Мұхаммад Наимов мансабында алғаш рет нокаутпен жеңілді. Осылайша, оның екі жеңістен тұратын сериясы тоқтады. Жалпы кәсіби ММА-де тәжікстандық файтердің еншісінде 13 жеңіс және 4 жеңіліс бар.
Ал Майрон Сантос қатарынан бесінші жеңісіне қол жеткізді. 25 жастағы бразилиялық спортшы мансабында 17 жекпе-жекте жеңіске жетіп, тек бір рет жеңілген.
Осылайша, Мұхаммад Наимов үшін бұл айқас UFC-дегі мансабындағы ең ауыр сабақтардың бірі болып қалды.




