«Су ішуге арналған үзілістер»: ФИФА ЧМ-2026 алдында тарихи жаңашылдықты жариялады

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2026 жылғы әлем чемпионатында енгізілетін жаңа ереже туралы ресми мәлімдеме жасады. Енді футболшыларға матч барысында су ішу үшін арнайы үзілістер беріледі, деп хабарлайды dailykz ФИФА-ның ресми мәліметіне сілтеме жасап.
Федерация сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, ЧМ-2026 кезінде төрешілер әр таймның 22-минутында ойынды тоқтатады. Осы уақытта ойыншыларға су ішуге мүмкіндік беріледі. Үзіліс үш минутқа созылады және ауа райына немесе температураға қарамастан барлық матчтарда міндетті түрде қолданылады.
Бұл өзгерістер ФИФА-ның футболшылардың денсаулығы мен жайлылығын арттыруға бағытталған саясатының бір бөлігі екені айтылды.
АҚШ-та өтетін әлем чемпионатының бас үйлестірушісі Маноло Зубирия бұл жаңашылдыққа қатысты пікір білдірді:
«Матч қай жерде өтсе де, стадионда шатыр бар-жоғына немесе ауа температурасына қарамастан, әр ойында су балансын қалпына келтіруге арналған үш минуттық үзіліс болады. Әр таймда — төрешінің ысқырығынан ысқырығына дейін үш минут».
Айта кетейік, бұған дейін гидрациялық үзілістер ФИФА турнирлерінде сынақ ретінде енгізілген еді, алайда ол кезде мұндай пауза тек қатты ыстық кезінде ғана қолданылатын.
Еске сала кетейік, 6 желтоқсанда Вашингтон қаласында 2026 жылғы тарихи футболдан әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімі аяқталды. Турнирге қатысатын 48 команда өз топтағы қарсыластарын анықтады.
Ресми бөлімге дейін ауқымды шоу-бағдарлама ұйымдастырылды. Атап айтқанда, АҚШ президенті Дональд Трампқа Халықаралық футбол федерациясының тарихындағы алғашқы Бейбітшілік сыйлығы табысталды. Кейінірек ФИФА басшысы Трамппен болған әрекеті үшін сынға да ұшырады.
Жеребе нәтижесінде 48 құрама 12 топқа бөлінді. Турнир қожайындары — АҚШ, Мексика және Канада құрамалары топтастыру кезінде алдымен орналастырылды.




