Роналду атаққа жетудің басты қасиетін атады

Әлемнің ең табысты футболшыларының бірі, Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду әлеуметтік желідегі Х парақшасында ұлылыққа жетуге көмектесетін маңызды қасиет туралы ой бөлісті, деп хабарлайды dailykz.
«Қызығушылық — ұлылыққа апаратын басты шарт. Сіз күн сайын жаңа сұрақ қоя алғанда ғана жеңіске жетесіз», — деп жазды Роналду.
Криштиану Роналду — УЕФА Чемпиондар лигасының тарихындағы ең үздік гол соғушы (140 гол) әрі мадридтік «Реалдың» барлық уақыттағы рекордшысы (450 гол).
Бұған қоса, ол әлем бойынша ұлттық құрама сапында ең көп гол соққан футболшы болып саналады. Португалия құрамасында Роналду 225 матч өткізіп, 143 гол және 46 нәтижелі пас берген.
2016 жылы ол Португалиямен бірге Еуропа чемпионы атанды, ал 2015 және 2019 жылдары УЕФА Ұлттар лигасын жеңіп алды.
Айта кетейік, жақында Роналду жақындарының оған мансабын аяқтауды жиі айтып жүргенін жеткізген болатын — олар оны тоқтап, мың гол соғу мақсатына ұмтылмауға шақырады. Ал Роналдудың өзі кәсіби мансабында небәрі бірнеше жыл қалғанын мойындады.




