Месси гол соғып, үш нәтижелі пас беріп, «Интер Майамиге» ірі жеңіс пен рекорд орнатуға көмектесті

«Интер Майами» футболшылары MLS плей-офф кезеңіндегі сырт алаңдағы ойында «Цинциннати» командасын ойсырата жеңді, деп хабарлайды dailykz тілшісі. Қарсыластар ширек финал аясында кездесіп, матч Цинциннатиде өтіп, қонақтардың пайдасына 4:0 есебімен аяқталды.
Ойынның алғашқы голын 19-минутта аргентиналық жұлдыз Лионель Месси соқты. Бұдан кейін ол командасына үш ассист жасап, әріптестеріне гол соғуға мүмкіндік берді. Капитанның дәл берілген пастарынан кейін аргентиналық шабуылшылар Матео Сильветти (57-минут) және дубль авторы Тадео Альенде (62, 74 минуттар) көзге түсті.
Бұл ірі жеңіс Мессидің командасына MLS плей-оффында тарихында алғаш рет жартылай финалға жолдама алуға мүмкіндік берді. Енді Шығыс конференциясының шешуші ойынында «Интер Майами» «Нью-Йорк Сити» клубымен кездеседі.
Ал Батыс конференциясының финалдық жолдамасына «Ванкувер Уайткэпс» және «Сан-Диего» мен «Миннесота Юнайтед» арасындағы ойынның жеңімпазы таласады.




