Мбаппе мен ПСЖ арасындағы сот дауы 200 млн евродан асты » DailyKaz
Новости Спорта

Мбаппе мен ПСЖ арасындағы сот дауы 200 млн евродан асты

Францияда ұлттық құрама капитаны Килиан Мбаппе мен «Пари Сен-Жермен» футбол клубы арасындағы даулы сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды dailykz РБК-ға сілтеме жасап. Le Monde газетінің мәліметінше, Мбаппе «ПСЖ»-ден келісімшартты ұзартудан бас тартқаннан кейін өзіне дұрыс қарамағаны үшін 263 млн еуро көлемінде өтемақы талап еткен. Ал клуб қарсы талап ретінде футболшыны «Аль-Хиляль» клубымен жасалуы тиіс болған ірі келісімді бұзды деп айыптап, 240 млн еуро өндіріп алмақ.

Басылым жазғандай, шабуылшы 2023/24 маусымының басында клуб өзін ойындардан шеттеткеніне және жаңа келісімшартқа қол қоймағаны үшін сатылымға қойылған ойыншылармен бірге жаттығуға мәжбүрлегеніне шағымданған. Осы оқиғадан кейін Францияның футболшылар кәсіподағы да өз арызын берген.

Өз кезегінде «ПСЖ» Мбаппені саудиялық «Аль-Хиляль» клубына 300 млн еуроға жасалмақ трансфер келісімін бұзды деп есептейді.

Еске салайық, француз жұлдызы ұсыныстан бас тартып, өткен жылы еркін агент ретінде «Реал Мадрид» сапына ауысқан болатын. Айтпақшы, қазан айында Мбаппе «Реал» құрамында Алматыға келіп, «Қайратпен» өткен матчқа қатысты. Ойыннан кейін футболшымен байланысты қызықты жағдай да орын алды.

Related Articles

Back to top button