Испанияда жаттығу кезінде 17 жастағы мотокросс чемпионы қаза тапты » DailyKz
Новости Спорта

Испанияда жаттығу кезінде 17 жастағы мотокросс чемпионы қаза тапты

Испания құрамасының мотокросс спортшысы, 17 жастағы Энцо Баденас жаттығу барысында көз жұмды. Қайғылы жағдай спортшының кезекті жаттығуы кезінде болған. Бұл туралы dailykz РБК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Жас чемпионның қаза болғаны жөніндегі ақпарат Валенсия қаласындағы Мотоспорт бойынша мамандандырылған даярлық орталығының (CETDM) ресми сайтында жарияланған. Қайғылы оқиға 7 желтоқсан күні болғаны нақтыланды.

Энцо Баденастың мезгілсіз қазасына байланысты Валенсия автономды аймағының үкіметі ресми түрде көңіл айтты.

Белгілі болғандай, Энцо Баденас 2022 жылы 85cc санатында Испания чемпионы атанып, содан кейін CETDM орталығына қабылданып, елдің ұлттық құрамасына енген. Ол Испания біріншіліктерімен қатар, халықаралық жарыстарда да өнер көрсетіп, Еуропа чемпионатына қатысқан.

Related Articles

Back to top button