Иран президенті Астанаға келеді

Қазақстан астанасына тағы бір әлемдік лидер келеді – осы аптада Астана қаласында Иран Ислам Республикасының президенті Масуд Пезешкиан келуі күтілуде, деп хабарлайды dailykz Ақордаға сілтеме жасап.
Ақорданың мәліметінше, сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер жоспарланған. Кездесулерде қазақстан-иран екіжақты ынтымақтастықты сауда-экономикалық, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салаларда одан әрі нығайту мәселелері қарастырылады.
Айта кетейік, өткен аптада Қазақстанға Еуропалық Кеңес төрағасы Антониу Кошта сапармен келген еді.
Ақорданың ресми ақпараттарына сәйкес, Кошта Қазақстан Президентімен кездесіп, жылы қабылдағандары үшін алғысын білдірді және Мемлекет басшысының Кавказдағы бейбітшілікті нығайтуға қосқан күш-жігеріне реакциясын жеткізді. Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Коштаға I дәрежелі «Достық» орденін табыс етті.



