Еуропа Кеңесінің президенті Антониу Кошта Қазақстанға келеді

Ертең, 4 желтоқсанда, Еуропа Кеңесінің президенті Антониу Кошта ресми сапармен Астанада болады, деп хабарлайды dailykz Акордаға сілтеме жасап.
Президенттің баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, биыл Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге 10 жыл толып отыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Кошта кездесіп, Қазақстан мен ЕО арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылайтын болады.
Естеріңізге салсақ, ақпанда мемлекет басшысы Еуропа Кеңесінің президентімен телефон арқылы сөйлесіп, оны Қазақстанға шақырған еді.
Сонымен қатар, Антониу Кошта 2024 жылдың жазында Еуропа Кеңесінің төрағасы атанған. Ол өткен жылғы маусым айында өткен саммиттен кейін жоғары лауазымды қызметтерге кандидатураларды келісу барысында сайланған.




