«Ертегіден қашып шыққандай»: танымал гимнаст Лала Крамаренко ханшайым бейнесіндегі суреттерін жариялады

Ресейлік көркем гимнастика спортшысы Лала Крамаренко ханшайым стиліндегі жаңа фотосессиясын көпшілікке ұсынды. Бұл туралы dailykz хабарлайды.
Суреттер спортшының Instagram парақшасында жарық көрді. Крамаренко басында тәж, ал макияжында шығыс мәнері мен жарқыраған страздар қолданылған ерекше образбен көрінді.
Желі қолданушылары гимнасттың жаңа бейнесіне жылы лебіз білдіріп, пікірлерін жүрекшелер мен жалын эмодзилері арқылы жеткізді.
Спорттық басылым «Чемпионат» мәліметінше, көптеген сарапшылар Лала Крамаренконы тарихтағы ең дарынды гимнасттардың бірі деп атайды. 2018 және 2019 жылдары ол жасөспірімдер арасында әлем және Еуропа чемпионаттарында топ жарған.
Осы жарыстардан спортшы тоғыз алтын медаль жеңіп алған: оның үшеуі — командалық бәсекелерде, ал алтауы — жеке бағдарламада. 2021 жылдан бастап Крамаренко халықаралық ареналарда ересектер қатарында өнер көрсетті. Ол қатысқан турнирлердің ешбірінен медальсіз оралмаған. Оның қоржынында әлем кубогі кезеңдерінің тоғыз күміс, үш қола медалі және Еуропа чемпионатындағы командалық алтын бар.
«Жас ресейлік гимнаст керемет пластикасымен және ерекше икемділігімен көпшілікті таңғалдыратын. 2021 жылы Халықаралық гимнастика федерациясы (FIG) Лаланың авторлық элементін ресми тіркеді: тізесі бүгілген аяқпен орындалатын пируэт. Мұндай құрметке барлық Олимпиада чемпиондары да ие бола бермейді», — деп жазады басылым.
Спортшы кейінірек менискіге ота жасатып, ауыр жарақаттан кейін қалпына келу үстінде. Оның спортқа қайта орала алатыны әзірге белгісіз.




