Энергетика вице-министрі болып Ерлан Ақбаров тағайындалды » DailyKz
News

Энергетика вице-министрі болып Ерлан Ақбаров тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ерлан Есенәлиұлы Ақбаров Энергетика вице-министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды DailyKZ.

Ерлан Ақбаровтың қысқаша өмірбаяны

Ерлан Ақбаров 1975 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ол Қазақ ұлттық техникалық университеті, Тараз мемлекеттік университеті (М.Х. Дулати ат.), Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін бітірген.

Еңбек жолы

  • 1998 жыл – Жаңа Өзен қаласындағы «ӨзенМұнайГаз» АҚ операторлығы.
  • 2002–2005 жылдар – Тараз қаласында «Қазбургаз» АҚ инженер-геологы.
  • 2005–2012 жылдар – Тараз қаласында «Амангелді Газ» ЖШС-де бөлім бастығы, бас директордың орынбасары, бас директор.
  • 2012–2013 жылдар – Алматы қаласында «Caspian Contractors Trust» ЖШС бас директордың орынбасары.
  • 2013–2018 жылдар – Қарағанды қаласында «Caspian Contractors Trust» ЖШС бас директоры.
  • 2018–2019 жылдар – ҚР МИИР Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің меңгерушісі, орынбасары.
  • 2020–2021 жылдар – «Казгеология» Ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
  • 2021–2022 жылдар – «Казкенгео» ЖШС директорының орынбасары.
  • 2022–2023 жылдар – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитетінің төрағасы.
  • 2023 жылдың мамырынан қазіргі уақытқа дейін – ҚР Өнеркәсіп және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Геология комитетінің төрағасы.

Қосымша мәлімет

Бүгін бұрынғы Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек өз өтініші бойынша лауазымынан босатылған еді.

Related Articles

Back to top button