«Экономикалық дамудың жаңа деңгейі»: Тоқаев Қазақстанда АЭС құрылысы туралы айтты » DailyKz
Новости Казахстана

«Экономикалық дамудың жаңа деңгейі»: Тоқаев Қазақстанда АЭС құрылысы туралы айтты

Энергетика саласы қызметкерлеріне арналған Ақордадағы салтанатты жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы атом электр станцияларын (АЭС) салу мәселесіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап dailykz хабарлайды.

Мемлекет басшысы қазіргі уақытта бүкіл әлемде түбегейлі өзгерістер кезеңі жүріп жатқанын атап өтті. Ол атом электр станциясын салу жөніндегі шешімнің стратегиялық маңызды екенін айтты және бұл жобаның алдағы уақытта еліміздің энергетикалық бейнесін түбегейлі өзгертіп, ұлттық экономиканы қайта форматтайтынын жеткізді.

«Балқаш АЭС-ін, кейін екінші атом станциясын салу, сөзсіз, Қазақстанның энергетикалық әлеуетін күшейтеді. Сонымен қатар ядролық энергетика сияқты маңызды салада жаңа кәсіби мүмкіндіктердің пайда болуына жол ашады. Қазақстанның энергетикалық картасында атом станцияларының пайда болуы еліміздің экономикалық дамуда сапалы жаңа деңгейге көтерілуін білдіреді.

Әлемде энергия ресурстары үшін қатаң бәсекелестік жүріп жатқанын ескере отырып, біз жаңа талаптарға сай болуымыз қажет. Мемлекет энергетика саласы үшін жаңа буын мамандарын даярлауға және сала әлеуетін арттыруға тиіс», – деді Президент.

Айта кетейік, жақында Үлкен ауылында Қазақстандағы екінші АЭС құрылысы жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті. Жергілікті тұрғындар құрылысқа келісім берді.

Қазақстанда АЭС құрылысы – экономикалық дамудың жаңа деңгейіне өту жолындағы маңызды қадам

Related Articles

Back to top button