Coca-Cola FIFA™ футболдан әлем чемпионатының аңызға айналған Кубогын Қазақстанға әкеледі

Coca-Cola FIFA™ футболдан әлем чемпионатының Кубогын Қазақстанға әкелетінін ресми түрде хабарлады. 2026 жылдың қаңтар айында Алматы қаласы планетадағы ең басты футбол трофейін қабылдайды. Бұл — Coca-Cola мен FIFA бірлесіп ұйымдастыратын жаһандық тур аясындағы маңызды оқиға. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, аталған шара қазақстандық жанкүйерлерге әлемдік футболдың символын өз көздерімен көруге және алдағы чемпионаттың атмосферасын сезінуге бірегей мүмкіндік береді.
FIFA™ футболдан әлем чемпионаты Кубогының туры турнир басталар алдында өтеді және алты құрлықтағы 50 елді қамтиды. Coca-Cola — FIFA-ның осы турды ұйымдастыруға эксклюзивті құқығы бар жалғыз серіктесі. 2026 жылы бұл ауқымды жоба алтыншы рет өткізіледі. Әлем бойынша миллиондаған жанкүйер аңызға айналған трофейді көре алады, алайда оған қол тигізу құқығы тек әлем чемпионатын жеңген ойыншылар мен бапкерлерге, сондай-ақ мемлекет басшыларына ғана берілген.
Таза алтыннан жасалған, салмағы 6,142 келі болатын түпнұсқа Кубок FIFA-ның Цюрихтегі мұражайынан тек екі жағдайда ғана шығарылады: Coca-Cola ұйымдастыратын FIFA™ Кубогы туры кезінде және тікелей әлем чемпионаты барысында.
Алматыда 26 қаңтар күні Республика сарайында Кубок бар болғаны бірнеше сағатқа ғана көпшілік назарына ұсынылады. Осыдан кейін ол халықаралық турын жалғастырады.
Coca-Cola өкілдері бұл сапардың маңызын ерекше атап өтті:
«FIFA™ футболдан әлем чемпионаты Кубогының Coca-Cola ұйымдастыратын туры — жанкүйерлерге ұлы футбол мерекесінің бір бөлігі екенін сезінуге берілген мүмкіндік. Қазақстанның осы аңызға айналған сапарға қосылғанына қуаныштымыз».
Айта кетейік, Қазақстандағы тур Алматы қаласы әкімдігінің және Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен өтеді.
Анықтама:
Coca-Cola — алкогольсіз сусындар өндіретін әлемдегі жетекші компаниялардың бірі. Компания 1976 жылдан бері FIFA-ның серіктесі және FIFA™ футболдан әлем чемпионаты Кубогы турының ресми ұйымдастырушысы болып табылады.




