«Челсидің маржаны»: әлемге танымал инсайдер Дастан Сатпаевтың трансфері туралы пікір білдірді » DailyKaz
Новости Спорта

«Челсидің маржаны»: әлемге танымал инсайдер Дастан Сатпаевтың трансфері туралы пікір білдірді

Футбол әлеміндегі ең танымал және сенімді инсайдерлердің бірі, журналист Фабрицио Романо Дастан Сатпаевтың Лондонның «Челси» клубына трансфері туралы пікір білдірді, деп хабарлайды dailykz.

X желісінде 26,5 млн-нан астам жазылушысы бар Романо Дастан Сатпаев туралы пост жариялады.

«Дастан Сатпаев – Лига Чемпиондары ойынында гол соққан алғашқы қазақстандық футболшы. Ол болашаққа «Челсимен» келісімшартқа отырған, клуб құрамындағы келесі маржан болуға дайын», – деп жазды Романо.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Қайрат» шабуылшысы Дастан Сатпаев Лига Чемпиондарының негізгі кезеңінде гол соққан алғашқы қазақстандық футболшы атанған еді. Алайда сол матчта Сатпаев сары карточка алып, келесі ойынды өткізіп алады.

Сонымен қатар, Дастан Сатпаев соңғы бірнеше айдағы өз прогресі туралы да пікір білдірді.

Related Articles

Back to top button