«Бізде кінә жоқ»: Әлімханұлының командасы допинг дауы аясында жанкүйерлерге үн қатты

Қазақстандық танымал боксшы Жәнібек Әлімханұлының командасы орын алған допинг дауы фонында жанкүйерлерге мәлімдеме жасады, деп хабарлайды dailykz.
«Шынайы жанкүйерлеріміз, қолдауларыңызға рахмет! Құдай қаласа, бұл қиындық та артта қалар. Бұған дейін салмақ жасай алмаған кезіміз болды — сол кезде бізге күмәнмен қарағандар тапқан едік. Бірақ кейін олардың өзі жанкүйерімізге айналды. Ол қиындық та артта қалды», — деп атап өтті Qazaq Style командасы.
Команда бұл мәселенің де оң шешім табатынына сенімді.
«Бұл допинг мәселесі де шешіледі! Біздің команда — ең мықты команда! Біз әлі әлемге өзімізді көрсетеміз! Тағы да талай туды көтереміз! Біздің мақсат айқын. Ешқандай қиындық бізді бұл жолдан тайдыра алмайды. Бізді сынайтындарға назар аудармаңыздар! Ондайлар әрқашан болған, тіпті төрт белбеу алсақ та, бәрібір сын айтуын қоя қоймайды.
Біз тек алға жүреміз! Бәріңіз аман болыңыздар! Ең бастысы — біз тазамыз! Біздің артымызда ешқандай кінә де, қателік те жоқ! Vitaminдер мен тамақтану рационымыз өзгерген жоқ. Қазір екінші допинг-сынаманы ашу туралы өтініш жібердік. Жауабын күтіп отырмыз!» — делінген команда мәлімдемесінде.
Еске сала кетсек, 6 желтоқсанда өтуі тиіс болған үш чемпиондық белбеуге арналған жекпе-жек алдында Жәнібек Әлімханұлының допинг-тестінің оң нәтижесі анықталып, WBO тергеу басталғанын ресми түрде мәлімдеген еді. Спортшы өз тарапынан ешқандай ереже бұзбағанын айтып, екінші сынаманы қайта тексеруді сұраған.



