Бельгия құрамасының Қазақстанмен матч алдындағы жаттығуы кешікті – негізгі себептер

Бельгия құрамасының Қазақстанға қарсы 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу матчы алдындағы жаттығуы кешігіп өтті. Бұл туралы dailykz тілшісі хабарлайды. Командалар 15 қараша, сенбі күні “Астана Арена” стадионында кездеседі. Ойын алдындағы барлық шаралар алдыңғы күні елордада ұйымдастырылды.
Матчтың басталу ысқырығы 19:00-де шалынады. Қазіргі таңда Бельгия құрамасы J тобында көш бастап келеді және mundial жолдамасына өте жақын. Ал Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінен өту мүмкіндігін жоғалтып, бұл матч ұлттық команда үшін циклдегі соңғы кездесу болмақ.
Қазақстан құрамасының жұмысы қалыпты режимде өтті
Қазақстан құрамасы матч алдында баспасөз мәслихатын өткізіп, онда бас бапкердің міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов алдағы ойынға қатысты ойымен бөлісті. Бұдан кейін ұлттық команда жоспарланған жаттығуын орындады.
Бельгия сапындағы кешігу: жаттығу 30 минутқа жылжыды
Ал Бельгия құрамасының бағдарламасы жоспардан ауытқыды. Команданың баспасөз мәслихаты аздаған кешігумен басталса, жаттығу айтарлықтай кейінге шегерілді. Қонақтар алаңға белгіленген уақыттан шамамен 30 минут кеш шықты.
Еске сала кетсек, баспасөз мәслихатында Бельгия құрамасының капитаны Юри Тилеманс Астанадағы матчқа байланысты бірқатар мәселені атап өтті. Әсіресе, ол стадиондағы жасанды көгалға алаңдаушылық білдірді. Ал бас бапкер Руди Гарсия командадағы жарақаттарға қатысты пікір білдірді.
Қазақстан – Бельгия матчы алдындағы дайындық барысындағы бұл өзгерістер жанкүйерлердің назарын аудартуда. Матч алдындағы барлық жаңалықтар dailykz сайтында жарияланады.




