«Барлық рекордты жаңартады»: Майк Тайсон Флойд Мейвезермен жекпе-жек өтетін күн мен орынды атады

Бокстан бұрынғы абсолютті әлем чемпионы Майк Тайсон Флойд Мейвезермен болатын жекпе-жектің нақты уақытын және өтетін орнын жариялады, деп хабарлайды dailykz «Чемпионат» басылымына сілтеме жасап.
59 жастағы Тайсонның айтуынша, бұл кездесу көрме жекпе-жегі форматында өтеді. Рингте бокстың екі аңызы жүздеспек.
«Бұл жекпе-жек наурыз айында Африкада өтеді. Біздің кездесуіміз – керемет оқиға болады. Ол барлық рекордты жаңартып, бокc тарихындағы ең ірі оқиғалардың біріне айналады», – деді «темір» лақап атпен танылған Майк Тайсон.
Айта кетейік, Тайсон бұл жекпе-жек туралы алғаш рет былтыр қыркүйек айында мәлімдеген еді. Ол кезде кездесу 2026 жылға жоспарланғаны айтылған. Бес салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы атанған Флойд Мейвезермен болатын бұл айқасты Тайсон «аңыздар жекпе-жегі» деп атаған.




