Бақытжан Сағынтаев Президентке есеп берді » DailyKz
Новости Казахстана

Бақытжан Сағынтаев Президентке есеп берді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссияның төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады, деп хабарлайды dailykz Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі жағдайы мен одан әрі даму перспективалары талқыланды.

«Кездесу барысында 2026 жылы Қазақстан Республикасының ЕАЭО органдарындағы төрағылық приоритеттеріне ерекше назар аударылды», – деп хабарланды Ақордадан.

Сонымен қатар, Президентке 21 желтоқсанда Санкт-Петербургте өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына дайындық барысы туралы ақпарат берілді.

Айта кетейік, Бақытжан Сағынтаев 31 қаңтар 2022 жылы Оңтүстік астананың әкімі лауазымынан босатылған еді. Сол уақыттан кейін ол Алматы тұрғындарына алғысын білдіріп, бірге жұмыс істегендерін бағалаған. Жақында ол жаңа қызметке тағайындалып, Қазақстан атынан Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) коллегиясының мүшесі болды. 2024 жылғы 1 ақпанда желтоқсанда бекітілген жаңа коллегия құрамына жұмысқа кірісті. Коллегия төрағасы лауазымын Бақытжан Сағынтаев атқаруда.

Related Articles

Back to top button