«Бұл – бүкіл қазақ халқына жасалған соққы»: Жанкош Тұраров допинг жанжалына пікір білдірді » DailyKz
Новости Спорта

«Бұл – бүкіл қазақ халқына жасалған соққы»: Жанкош Тұраров допинг жанжалына пікір білдірді

Қазақстандық боксшы Жанкош Тұраров допинг дауына қатысты өз ойын әлеуметтік желіде ашық білдірді. Ол бұл жағдайдың тек бір спортшыға емес, тұтас ұлтқа тиген соққы екенін атап өтті.

«Бүгін бокс жанкүйерлері үшін көптен күткен күн еді. Өкінішке қарай, қазір жарқырап келе жатқан жұлдызды әдейі тоқтату қалыпты жағдайға айналып бара жатқандай. Мұның артында бокста үлкен саясат тұрғаны түсінікті. Бауырым, Жанибек, біз бүгінгі жеңіс сенікі екеніне сенеміз! Сен өз табандылығың мен адалдығыңды әлдеқашан дәлелдедің. Бұл сынақ бүкіл қазақ халқына жасалған соққы болды. Бірақ сен жақсы білесің — әрбір сынақ адамды шыңдайды», — деп жазды Тұраров.

Айта кетейік, 6 желтоқсанда Жанибек Алимханұлы кубалық боксшы Эрисланди Лараға қарсы үш чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізуі тиіс болған. Алайда қазақстандық спортшының допинг сынамасы оң нәтиже көрсеткендіктен, бұл кездесу кейінге қалдырылды.

Related Articles

Back to top button