Almaty Open алғаш рет жылдың үздік теннис турнирлерінің қатарына кірді » DailyKz
Спорт

Almaty Open алғаш рет жылдың үздік теннис турнирлерінің қатарына кірді

Теннисшілердің кәсіби қауымдастығы ATP ресми сайтында 2025 жылғы маусым бойынша ATP Awards марапаттарының қорытындысын жариялады. Сол жылы Қазақстандағы жалғыз турнир – Almaty Open ерекше атап өтілді, деп хабарлайды dailykz.

Марапаттар ойыншылардың дауыс беру нәтижесінде анықталды. Турнирлердің категориялары бойынша үш номинация қарастырылды: ATP 1000, ATP 500 және ATP 250. Осы номинацияларда жеңімпаздар АҚШ-тағы Цинциннати «Мастерс», Катардағы (Доха) және Швециядағы (Бостад) ашық чемпионаттары болды.

Сонымен қатар, жоғары ұйымдастыру сапасы үшін тағы алты турнирге «Standards of Excellence» марапаты берілді. Сол тізімге Қазақстандағы жалғыз ATP турнирі – Almaty Open кірді. Турнир қазан айында Алматыда қатты жабындыда өтті, ал ерлер жеке сында жеңімпаз атанған – ресейлік Даниил Медведев.

Almaty Open ұйымдастыру комитетінің жетекшісі және Қазақстан теннис федерациясының (ФТК) вице-президенті Юрий Польский бұл марапатты турнирдің мәртебесін ATP 500 деңгейіне көтеру мақсатындағы ұзақ мерзімді стратегияның бір бөлігі деп атады.

«ATP-ден алғаш рет осындай жоғары марапат алу біз үшін үлкен қуаныш. Бұл жетістік ойыншылар мен жанкүйерлерге жоғары деңгейдегі спорттық әсер сыйлауға деген тұрақты адалдығымызды көрсетеді», – деді Польский.

Ол сондай-ақ, турнир мәртебесінің өсуі Қазақстанға әлемдік теннис жұлдыздарын көптеп тартуға мүмкіндік беретінін және елде спортты дамыту мен оның танымал болуына оң әсерін тигізетінін айтты.

Related Articles

Leave a Reply

Back to top button