Алимханулы допинг дауы: боксшының командасы пікір білдірді » DailyKz
Новости Спорта

Алимханулы допинг дауы: боксшының командасы пікір білдірді

Қазақстандық боксшы Жанибек Алимханулы командасы өзінің Facebook парақшасында допинг-тестінің оң нәтиже беруіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды dailykz. Командасы болған жағдайға таңғалатынын атап өтті.

«Бұл жаңалыққа біз таңғалсақ, көптеген жанкүйерлер де таң қалды. Көңіл-күйіміздің қалай түскенін, көптеген адамдардың да солай күйзеліске түскенін сеземіз. Бізді қолдайтындар өте көп. Күтпеген жекпе-жек өтпейтін болды.

Таңғалдықтың себебі – бірінші VADA талдауы таза деп хабарланғаннан кейін, екінші талдауда дау тудырған жайт шықты», – делінген Алимханулы командасының хабарламасында.

Команданың айтуынша, талдаулар аралығында тамақ рационы немесе дәрумен қабылдау тәртібі өзгерген жоқ.

«Бұл қалай болатынын түсінбедік! Қанша еңбектендік, қан мен тер төктік. Төрт айдан бері басқа елде, отбасымыздан алыс жүріп, үлкен шығынға батып жатырмыз. Бұл жаңалық біз үшін өте ауыр тиді», – деді команда мүшелері.

Қазіргі таңда жағдайды менеджерлер мен заңгерлер бақылап отыр.

«Қайталап талдау тапсыруға рұқсат сұрадық. Сонымен қатар ескі талдаудың екінші бөлігін зертханалық тексерістен өткізу жұмыстары жүргізілуде. Мамандардан ақпарат күтіп отырмыз. Үлкен спортта түрлі қиындықтар болады. Құдайдың көмегімен бұдан да өте береміз! Ең бастысы – басымызды көтеріп жүру. Қолдау көрсеткендеріңізге шын жүректен рахмет», – деп хабарлады Qazaq Style командасы жанкүйерлерге.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан боксшысы Жанибек Алимханулы үш титул үшін өтетін жекпе-жектен бұрын допинг дауына ілікті деген ақпарат тараған еді.

Одан кейін Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) ресми түрде Алимханулының допинг-тестінің оң нәтиже көрсеткенін растады. Тергеу басталды.

Өзінің айтуынша, спортшы ережелерді бұзбағанын, екінші тестін қайта тексеруді сұрады.

Жанибек Алимханулы допинг дауында өз адалдығын дәлелдеуге тырысып жатыр.

Related Articles

Back to top button