«Аңыздар»: Головкин мен Рахмонов Көкшетауда кездесіп, жұртты тәнті етті » DailyKz
Новости Спорта

«Аңыздар»: Головкин мен Рахмонов Көкшетауда кездесіп, жұртты тәнті етті

World Boxing ұйымының басшысы Геннадий Головкин мен UFC жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов Көкшетауда бас қосты. Белгілі спортшылардың бір кадрда түскен суреттері желіде кеңінен тарады, деп хабарлайды dailykz.

Белгілі болғандай, әлемдік спорт жұлдыздары Көкшетауда жаңа спорт кешенінің ашылуына арнайы келген. Желіде жарияланған жазбада:
«Спортымыздың аңыздары Шавкат Рахмонов пен Геннадий Головкин жаңа спорт кешенінің ашылуына қатысты» деп атап өтілген.

Жылы кездесу, ұлттық дәм

Жарияланған кадрлардан Головкин мен Рахмоновтың шараға бірге келіп, бауырсақ пен тәттілерден дәм татқанын көруге болады. Бұл сәт жанкүйерлердің ерекше ықыласына бөленді.

Желі қолданушыларының әсерлі пікірлері

Кездесуге куә болған оқырмандар пікірлерде қуаныштарын жасырмады:

  • «Ұлттық батырлар! Жарайсыңдар!»
  • «Бір шаршы метрге тым көп жұлдыз жиналыпты»
  • «Сүйікті спортшыларымыз Көкшетауда – керемет!»
  • «Гена, Шавкат – от!»
  • «Біздің чемпиондар»
  • «Қазақстанның мақтанышы»

Тағы бір тарихи жетістік

Айта кетейік, жуырда Геннадий Головкин алғашқы талпынысынан-ақ Даңқ залына енді. Ол — бұл мәртебеге ие болған Қазақстан тарихындағы тұңғыш спортшы.

Related Articles

Back to top button