Эквадорда «Барселона» футболшысы қаза тапты » DailyKz
Новости Спорта

Эквадорда «Барселона» футболшысы қаза тапты

Эквадорлық «Барселона» футболшысының қазасы ел спорт қауымдастығын дүр сілкіндірді. Эквадордың «Барселона» клубының қорғаушысы Марио Пинейда Гуаякиль қаласында атыс кезінде қаза тапты. Футболшы 33 жаста болған, деп хабарлайды dailykz РИА Спортқа сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға туралы клуб ресми мәлімдеме жасап, ақпаратты X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.

«Футбол клубы “Барселона” терең өкінішпен біздің ойыншымыз Марио Пинейданың қаза тапқанын растайды. Ол өзіне жасалған шабуыл салдарынан өмірден өтті. Бұл суық хабар клубпен байланысты барша жандарды қатты күйзелтті», — делінген клубтың мәлімдемесінде.

Қайғылы оқиғаның мән-жайы

Жергілікті БАҚ деректеріне сәйкес, шабуыл сәрсенбі күні Гуаякиль қаласының солтүстік ауданында болған. Белгісіз екі адам мотоциклмен жақындап, футболшыға оқ жаудырған. Сол сәтте Марио Пинейда анасымен және тағы бір әйелмен бірге болған. Өкінішке қарай, футболшы алған жарақаттан көз жұмды.

Футболдағы жолы

Марио Пинейда «Барселона» клубының құрамында екі рет Эквадор чемпионы атанып, бір мәрте ел кубогын жеңіп алған. Сонымен қатар ол 2014–2021 жылдар аралығында Эквадор ұлттық құрамасының намысын қорғап, тоғыз матчқа қатысқан.

Related Articles

Back to top button