ФИФА-ның үздік футболшысы үшін дауыс беру: Алип пен Байсуфинов кімге қолдау көрсетті » DailyKz
Новости Спорта

ФИФА-ның үздік футболшысы үшін дауыс беру: Алип пен Байсуфинов кімге қолдау көрсетті

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) ресми сайтында The Best FIFA Awards сыйлығы аясындағы дауыс берудің толық нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды dailykz. 2024/25 маусымының қорытындысы бойынша ФИФА-ның үздік футболшысы атағы Франция құрамасы мен париждік «ПСЖ» клубының шабуылшысы Усман Дембелеге бұйырды. Бұл — Дембеленің аталған марапатты алғаш рет иеленуі.

Дауыс беруге ұлттық құрамалардың капитандары мен бас бапкерлері, сондай-ақ әр елден бір-бірден БАҚ өкілі қатысты. Бұл жүйе нәтижелердің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазақстан құрамасының капитаны әрі қорғаушысы Нұралы Алип өз таңдауында Дембелені бірінші орынға қойды. Екінші орынға марокколық қорғаушы, «ПСЖ» ойыншысы Ашраф Хакимиді, ал үшінші орынға испаниялық «Барселонаның» бразилиялық вингері Рафиньаны орналастырды.

Қазақстан құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов та Дембелені ең үздік ойыншы деп таныды. Оның тізімінде екінші орын Рафиньяға берілсе, үшінші орынға «Барселонаның» испаниялық шабуылшысы Ламин Ямаль лайық деп танылды.

Қазақстандық медиа өкілдері атынан дауыс берген Sportinfo.kz бас редакторы Гений Төлегенов өз рейтингінде бірінші орынға Ашраф Хакимиді қойды. Екінші орынға Усман Дембеле жайғасса, үштікті мадридтік «Реалдың» француз шабуылшысы Килиан Мбаппе түйіндеді.

Related Articles

Back to top button