«Қайрат» әлемдік футбол клубтары рейтингінде орын алды » DailyKz
Новости Спорта

«Қайрат» әлемдік футбол клубтары рейтингінде орын алды

Халықаралық футбол тарихы мен статистикасы федерациясы (IFFHS) ресми сайтында әлемнің үздік 500 футбол клубының жаңартылған рейтингін жариялады. Бұл тізімге Қазақстаннан жалғыз ғана клуб енді, деп хабарлайды dailykz.

IFFHS рейтингіне кірген қазақстандық жалғыз команда – алматылық «Қайрат». Клуб 240-орынға тұрақтап, 90,75 ұпай жинады. Айта кетерлігі, «Қайрат» бірқатар танымал еуропалық командаларды артта қалдырды. Атап айтқанда, Францияның «Ницца» клубы 242-орында, Испанияның «Севильясы» – 252-орында, ал Англияның «Вест Хэмі» – 253-орында орналасқан.

Рейтинг көшін Францияның «Пари Сен-Жермен» клубы бастады. Екінші орынға Мадридтің «Реалы», ал үздік үштікті Лондонның «Челсиі» түйіндеді.

IFFHS мәліметінше, рейтингті құрастыру кезінде командалардың 2024 жылғы 1 желтоқсаннан 2025 жылғы 30 қарашаға дейінгі аралықтағы нәтижелері ескерілген.

Еске сала кетейік, бұған дейін алматылық «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының үздік ойыншылары рейтингінде бірінші орынға шығып, тіпті Килиан Мбаппені басып озғаны хабарланған еді.

Related Articles

Back to top button