«Жасырынып жүруді доғар»: UFC жауынгері Шавкат Рахмоновты қорлап, жекпе-жекке шақырды » DailyKz
Новости Спорта

«Жасырынып жүруді доғар»: UFC жауынгері Шавкат Рахмоновты қорлап, жекпе-жекке шақырды

Америкалық UFC файтері Хоакин Бакли қазақстандық Шавкат Рахмоновқа ауыр сөз айтып, ашық түрде жекпе-жекке шақырды. Жартылай орта салмақта рейтингте 10-орында тұрған спортшы қазақстандықпен октагонда кездескісі келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды dailykz.

Бакли әлеуметтік желідегі жазбасында Рахмоновқа қарсы қатаң мәлімдеме жасады.

«Өзбекстанда жасырынып жүруді доғар, қорқақ. Сен менің жылдамдығымдай қарсыласқа ешқашан тап болған жоқсың. Менің қысымыма төтеп беріп көрмедің. Мендей қуаты бар файтермен айқаспадың. Сен қолдан жасалған образдың арқасында өмір сүріп жүрсің, ал мен оны күйретуге келдім», — деп жазды америкалық файтер.

Оның айтуынша, дәл өзі Шавкаттың чемпиондық белбеуге барар жолында басты кедергі болмақ.

«Сен келесі үміткер болғың келетінін айтасың — мен сол жолда тұрмын. Көрейік, не істей аласың. Менмен жекпе-жек сенің әлсіз тұстарыңды, күмәніңді, шегіңді ашып көрсетеді. Сондықтан да Kill Cliff командасы менің атымды атамайды. Генри Хуфттың өзі шәкірттеріне менімен төбелеспеуді айтқан», — деді Бакли.

Сондай-ақ америкалық файтер Рахмоновты жекпе-жек келісімшартына қол қоюға шақырды.

«Ешқандай сөз жоқ. Ешқандай сылтау жоқ. Тек келісімшартқа қол қой», — деді ол.

Жарияланым астындағы пікірлерде Шавкат Рахмонов қарсыласына қазақ тілінде жауап қатты.

«Сен менің алдыма түсесің, қараторы бала», — деп жазды қазақстандық спортшы.

Айта кетейік, қазіргі таңда Хоакин Бакли жартылай орта салмақта рейтингтің 10-сатысында тұр. Ол биыл жазда бұрынғы чемпион Камару Усманнан жеңіліс тапқан.

Ал Шавкат Рахмонов рейтингіде үшінші орында. Қазақстандық файтер екі рет чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасуы тиіс болған, алайда алғашында чемпионның жарақатына байланысты жекпе-жек өтпей қалды, ал екінші жағдайда Рахмоновтың өзі айқастан бас тартты.

Related Articles

Back to top button