Ливерпуль «Интерді» жеңді, «Барселона» «Айнтрахттан» басым түсті: Чемпиондар лигасындағы күн қорытындысы

Чемпиондар лигасы УЕФА-ның 2025/26 маусымында жалпы кезеңнің алтыншы туры басталды. dailykz ойын күнінің негізгі нәтижелерін ұсынады. Бұл күні қазақстандық «Қайрат» та жасыл алаңға шықты.
Күннің орталық кездесуінде ағылшындық «Ливерпуль» Миланда қонақта ойнап, италиялық «Интерді» минималды есеппен тізе бүктірді — 1:0. Жалғыз гол матчтың 88-минутында пенальтиден венгр жартылай қорғаушысы Доминик Собослаи соқты.
Аталмыш ойынға «Ливерпуль» сапына Мохамед Салах енген жоқ. Бұған дейін мысырлық шабуылшы бас бапкер Арне Слотты көпшілік алдында сынға алған болатын.
Бұл жеңістен кейін «Ливерпуль» 12 ұпай жинап, турнир кестесінде 8-орынға көтерілді. Ал былтыр финалға дейін жеткен «Интер» қатарынан екінші рет ұтылып, дәл сондай ұпаймен алдыңғы бестікті түйіндеп тұр.
Испаниялық «Барселона» өз алаңында немістің «Айнтрахтын» ерлікпен жеңді — 2:1. Қонақтар 21-минутта неміс хавбегі Ансгар Кнауффтың голымен алға шыққан. Екінші таймда алаң иелері таразы басын аударды: француз қорғаушысы Жюль Кунде 50 және 53-минуттарда дубль авторы атанды. Осы нәтижемен «Барселона» 10 ұпай жинап, 14-орында тұр. Франкфурттық ұжым 4 ұпаймен 30-орынмен шектелді.
9 желтоқсандағы матч нәтижелері:
- «Қайрат» (Германия) — «Олимпиакос» (Грекия) 0:1
- «Бавария» (Германия) — «Спортинг» (Португалия) 3:1
- «Интер» (Италия) — «Ливерпуль» (Англия) 0:1
- «Монако» (Франция) — «Галатасарай» (Түркия) 1:0
- «Аталанта» (Италия) — «Челси» (Англия) 2:1
- «Барселона» (Испания) — «Айнтрахт» (Германия) 2:1
- «Юнион» (Бельгия) — «Марсель» (Франция) 2:3
- «Тоттенхэм» (Англия) — «Славия» (Чехия) 3:0
- ПСВ (Нидерланды) — «Атлетико» (Испания) 2:3
Айта кетейік, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде барлығы 36 команда өнер көрсетеді. Алғашқы сегіздік бірден 1/8 финалға жолдама алады. 9–24-орындардағы командалар плей-оффқа шығу үшін қосымша матчтар өткізеді. Қалған ұжымдар еурокубок маусымын аяқтайды.




