«Ол жынды»: «Олимпиакос» қорғаушысы Темирлан Анарбеков туралы

Француз футболшысы, грек клубы «Олимпиакостың» қорғаушысы Жулиан Бьянкон Астанада өткен матчтан кейін «Қайрат» қақпашысы Темирлан Анарбековтың ойынына жоғары баға берді. Ол бұл туралы QSport арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды dailykz.
Бьянконнан қазақстандық голкипердің ойыны жайлы пікір білдіру сұралған.
«Жынды. Ол шынымен жынды. Бізге өте көп қиындық тудырды. Ғажайып ойын көрсетті. Оған жарқын мансап пен бар жақсылықты тілеймін», — деді француз қорғаушысы.
Еске салайық, жуырда «Астана Аренада» грек «Олимпиакосы» мен алматылық «Қайрат» кездескен еді. Ойын қонақтардың 1:0 есебімен жеңісімен аяқталды.
Аталған матчта Темирлан Анарбеков алаңға капитандық таңбамен шықты. Ол кездесуде небәрі бір гол өткізіп, ойынның үздік футболшысы атанды. Айта кетейік, бұл Анарбековтың Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі төртінші ойыны болды. Осы уақытқа дейін қазақстандық қақпашы алты гол жіберіп, 26 сейв жасап үлгерді. Сондай-ақ оның еншісінде бір “құрғақ” матч бар — кипрлік «Пафоспен» өткен кездесу 0:0 есебімен аяқталған.




