«Қайраттың» бас бапкері Анарбековтың өрлеуін Чемпиондар лигасындағы ойынымен байланыстырды

Алматының «Қайрат» футбол клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Темирлан Анарбековтың соңғы ойындарын жоғары бағалап, оның даму қарқынын Чемпиондар лигасындағы тәжірибесімен байланыстырды. Бұл туралы маман грек ұжымы «Олимпиакоспен» өткен матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды dailykz тілшісі.
Қарсыласынан 0:1 есебімен жеңілгеніне қарамастан, қазақстандық қақпашы бұл кездесуде ерекше көзге түсті. Темирлан Анарбеков сегіз рет қауіпті соққыны қайтарып, ойынның ең үздік футболшысы деп танылды. Оның сенімді ойыны команданы ірі есептен сақтап қалды.
Аталған матчта Анарбеков алаңға капитандық таңбамен шықты. Рафаэль Уразбахтин бұл шешімді беларусьтік қорғаушы Александр Мартыновичтің қосалқы құрамда қалғанымен түсіндірді. Осыған байланысты капитандық міндетті қазақстандық футболшыға әрі «Қайрат» академиясының түлегіне сеніп тапсыру туралы шешім қабылданған.
Сонымен қатар, клубтағы қақпашылар құрамына қатысты да маңызды ақпарат белгілі болды. Маусымның басым бөлігінде негізгі қақпашы болған Александр Заруцкийдің «Қайратпен» келісімшарты аяқталып, командадан кеткені расталды. Бұл жағдай Темирлан Анарбековтың негізгі құрамдағы орнын бекемдей түскені байқатады.




