Александр Бублик сүйікті қалаларының қатарына Қазақстан астанасын қосты

Қазақстандық теннисші Александр Бублик өмір сүруге ең ұнайтын қалалардың тізімін жасап, сол қатарға Қазақстан астанасын да енгізді. Бұл туралы dailykz сайты «Спорт-Экспресс» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Блиц-сұхбат барысында Александр Бублик өзінің сүйікті кітабы ретінде Иоганн Вольфганг Гетенің әйгілі «Фауст» шығармасын атады. Ал ең ұнататын фильмі — режиссер Гай Ричидің «Большой куш» картинасы. Сондай-ақ теннисші бос уақытында компьютерлік ойындарға жиі уақыт бөлетінін жасырмады.
Сұхбат кезінде спортшыдан өмір сүруге ең қолайлы үш қаланы атау сұралды.
«Монако, Санкт-Петербург, Астана», — деп қысқа әрі нұсқа жауап берді Александр Бублик.
Бұған қоса, Қазақстанның бірінші ракеткасы өзінің сүйікті көлігі ретінде Rolls-Royce Cullinan моделін атап өтті. Дегенмен ол өзін автокөліктердің үлкен жанкүйері санамайтынын да қоса айтты.
Айта кетейік, өткен аптада Александр Бублик Шавкат Рахмонов салмақ дәрежесінде қай UFC спортшысын жіті бақылап жүргенін айтып берген еді. Ал оған дейін теннисші жаңашылдықты аса ұната бермейтінін және кейде жиі ренжитінін мойындаған болатын.



