Түркістан облысында шенеунік төбелеске қатысқаны үшін лауазымынан айырылуы мүмкін

Түркістан облысында мемлекеттік қызметші қатысқан төбелес фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізілді. Оның нәтижесінде оны лауазымынан босатуға ұсыныс берілген деп хабарлайды dailykz Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мәліметінше, ведомство еліміздің барлық аймақтарында мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен болатын оқиғаларды, соның ішінде теріс сипаттағы әрекеттерді және бұқаралық ақпарат құралдарындағы сын материалдарын тұрақты түрде қадағалайды.
«Түркістан облысы бойынша агенттіктің департаменті әлеуметтік желілерде кең қоғамдық резонанс тудырған мемлекеттік қызметшінің қатысуымен болған төбелес фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізді.
Тексеру қорытындысы бойынша 5 желтоқсанда Түркістан облысы бойынша агенттіктің Әдеп жөніндегі кеңесі тиісті шешім қабылдады. Кеңестің шешімі бойынша Түркістан облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы С.Жалыкула қатысты «қызметтік этика нормаларын бұзу» фактісі бойынша «лауазымынан босату» тәртібінде тәртіптік жаза қолдану ұсынылды», – делінген агенттік хабарламасында.
Әдеп жөніндегі кеңес С.Жалыкула тарапынан қоғамға жат, дұрыс емес мінез-құлық және мемлекеттік органның беделін айтарлықтай төмендететін іс-әрекеттер жасалғанын анықтады.




