Александр Бублик Шавкат Рахмонов өнер көрсететін салмақтағы сүйікті файтерін атады

Қазақстанның ерлер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Александр Бублик UFC-де қай спортшының жекпе-жектерін ерекше қызығушылықпен қарайтынын айтты. Бұл туралы dailykz «Чемпионат» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
28 жастағы қазақстандық теннисшінің айтуынша, оны аралас жекпе-жек әлеміне қызықтырған адам — ресейлік теннисші Карен Хачанов. Осыдан кейін Бублик MMA турнирлерін тұрақты түрде қадағалай бастағанын жеткізді.
Сұхбат барысында журналист Бубликке жуырда Ислам Махачевтің маңызды жекпе-жек өткізгенін еске салды. Айта кетейік, 16 қараша күні Махачев жартылай орта салмақта чемпион атанып, австралиялық Джек Делла Маддаленаны төрешілер шешімімен жеңген болатын.
Бұл салмақта қазір жеңіліссіз келе жатқан қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов та өнер көрсетіп жүр. Оның жекпе-жектері UFC жанкүйерлерінің ғана емес, өзге спорт өкілдерінің де назарын аударып отыр.



