"Жиі күңкілдеймін": Александр Бублик өзін неге "кәрі ата" санайтынын түсіндірді » DailyKz
Новости Спорта

“Жиі күңкілдеймін”: Александр Бублик өзін неге “кәрі ата” санайтынын түсіндірді

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик “Чемпионат” басылымына берген сұхбатында жаңалықтарды ұнатпайтынын және жиі күңкілдейтінін айтып, өзін “дед” деп атауының себебін түсіндірді, деп хабарлайды dailykz.

“28 жас — бұл да үлкен бақыт”

Әлемдік рейтингте 11-орында тұрған Бублик 30 жасқа жақындап қалса да, бұл оған ешқандай қиындық тудырмайтынын айтты.

“Мен әрдайым былай деймін: ‘Маған 28-де болу — үлкен қуаныш, өйткені біреулер бұл жасқа мүлде жетпеуі мүмкін’. 30 жасқа келгенде менде ештеңе өзгермейді деп сенемін”, — деді теннисші.

“Мен — консерватормын, жаңа нәрсе ұнамайды”

Спортшы өз мінезін “кәрі адамның” мінезіне ұқсатады.

“Мен шынымен осы жағынан кәрі атамын. Жиі ворчу, яғни көңілім толмай қалады, жаңадан шыққан дүниелердің бәрі маған ұнамайды — солай сезінемін. Достарымның ішінде 30-ға келген, бірақ әлі де желікпе, жеңілтек адамдар бар. Оларға ‘Қалайша осылай болады?’ деп айтамын. Мен олай емеспін — мінезім ескі тәртіппен қалыптасқан адаммын”, — дейді Бублик.

Тарихи маусым

Айта кетейік, Александр Бублик 2025 маусымын өз карьерасындағы ең жоғары көрсеткішпен аяқтады: әлемдік рейтингте рекордтық орынға көтеріліп, жүлделі қаржы бойынша да үздік нәтижеге жетті.

Related Articles

Back to top button