Аңгелина Лукас нокаутпен жеңіске жеткеннен кейін мәлімдеме жасап, Қазақстанды ерекше атап өтті

Қазақстандық боксшы Аңгелина Лукас кәсіби рингтегі 16-жеңісінен соң Instagram парақшасында арнайы мәлімдеме жариялады. Ол жанкүйерлеріне алғысын білдірді, деп хабарлайды dailykz.
Дубайдағы нокаут және WBF белбеуі
3 желтоқсан күні Дубайда өткен турнирде (БАӘ) Лукас танзаниялық Эгине Каянгены нокаутпен жеңіп, екінші найлегчайший салмақтағы (52,2 кг дейін) WBF чемпионы атанды.
“Мақсатым — сіздерді жерге қаратпау”
Жеңістен кейін спортшы Қазақстанды рингте лайықты таныту — үлкен жауапкершілік екенін атап өтті.
“Рингке бір ғана оймен шықтым — сіздерді жерге қаратпау үшін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев боксты ұлттық спорт түрі деп жариялады. Ал мен үшін Қазақстанды ұлттық спортта таныту — зор мәртебе әрі жауапкершілік. Бүгін өз елім үшін жеңіс сыйлауға міндетті болдым — және мен оны орындадым”, — деді Лукас.
Ол сондай-ақ командасына, демеушілеріне және өзін қолдаған жанкүйерлерге алғыс айтты.
“Бұл — біздің ортақ жеңіс”
“Каирдегі 20 күндік ауыр дайындық пен жекпе-жектен кейін қалпыма келіп, Араб Әмірліктеріндегі рингке шығуды армандадым. Бүгін қазақтың туын көтеру — үлкен бақыт. Жаңалық күткен, қолдаған барша жанға рақмет. Бұл — біздің ортақ жеңіс. Алдымызда — абсолютті әлем чемпионы атағы!” — деп жазды спортшы.
Лукас: “Арманым — үлкен үй алып, отбасымды қуанту”
Спортшы өзге жарияланымында отбасына үлкен үй сатып алуды армандайтынын айтты. Сондай-ақ туған қаласы ретінде әрдайым Таразды көретінін атап өтті.
Алдыңғы жекпе-жектегі дау
Еске сала кетейік, қараша айында Лукас Каирде америкалық Кэтрин Ренеге қарсы жұдырықтасқан еді. Ол айқас сенсациялық жеңіліспен аяқталған. Алайда кейіннен қарсыласының допинг-тесті оң нәтиже көрсетіп, жекпе-жек жойылған деп танылды.




