Елена Рыбакина – әлемдегі ең көп табыс табатын спортшылардың бірі » DailyKz
Новости Спорта

Елена Рыбакина – әлемдегі ең көп табыс табатын спортшылардың бірі

2025 жылы ең көп табыс тапқан әйел спортшылар тізіміне Қазақстанның теннис жұлдызы Елена Рыбакина да кірді. Бұл туралы жаңартылған рейтингті Sportico порталы жариялады, деп хабарлайды dailykz.

Басылымның мәліметінше, биыл әлемнің ең көп табыс тапқан 15 спортшысы жүлде, жалақы, бонус және демеушілік келісімшарттар арқылы жалпы 249 миллион доллар табысқа қол жеткізген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12% көп.

2025 жылғы рейтингке 10 теннисші, екі гольфист, бір баскетболшы, бір гимнаст және бір шаңғышы енген.

Үшінші жыл қатарынан тізімнің көшін Арина Соболенко бастады – оның жылдық табысы 30 миллион доллар болды. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина биыл әлемдік тізімде 10-орынды иеленіп, оның табысы 12,6 миллион доллар деп бағаланған.

Sportico нұсқасы бойынша 2025 жылдың ең көп табыс тапқан 15 спортшысы:

  1. Кори Гауфф (АҚШ) — 31 млн доллар
  2. Арина Соболенко (Беларусь) — 30 млн доллар
  3. Ига Свентек (Польша) — 23,1 млн доллар
  4. Эйлин Гу (Қытай) — 20 млн доллар
  5. Чжэн Циньвэнь (Қытай) — 20,6 млн доллар
  6. Кейтлин Кларк (АҚШ) — 16,1 млн доллар
  7. Нелли Корда (АҚШ) — 13,8 млн доллар
  8. Мэдисон Киз (АҚШ) — 13,4 млн доллар
  9. Елена Рыбакина (Қазақстан) — 12,6 млн доллар
  10. Наоми Осака (Жапония) — 12,5 млн доллар
  11. Симона Байлз (АҚШ) — 11 млн доллар
  12. Аманда Анисимова (АҚШ) — 10,8 млн доллар
  13. Джессика Пегула (АҚШ) — 10,5 млн доллар
  14. Винус Уильямс (АҚШ) — 10,2 млн доллар
  15. Джино Титикул (Тайланд) — 10 млн доллар

Елена Рыбакина – әлемдегі ең жоғары табыс табатын спортшылар қатарындағы беделін тағы да растады.

Related Articles

Back to top button