«Минималды базалық зейнетақы 70%-ке көтерілді»: Еңбек министрі есеп берді

Президент әлеуметтік-трудтық саладағы негізгі бағыттардың іске асырылуы жөнінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақупованың баяндамасын тыңдады, деп хабарлайды dailykz Акордаға сілтеме жасап.
Пресс-қызмет мәліметіне сәйкес, министр халықты жұмыспен қамту шаралары туралы баяндады.
«Қазіргі таңда азаматтарды 2029 жылға дейін жұмыспен қамту жоспарының 83%-ы орындалды, соңғы бес жылда 2,7 млн адам жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етілді. Өңірлік жұмыспен қамту карталары іске асырылып жатыр және жыл сайын сапалы жұмыс орындарын құру бойынша KPI көрсеткіштері орындалады», — деді Светлана Жақупова.
Сонымен қатар, министр биылғы 10 айда әлеуметтік көмек алушылар саны 30%-ға қысқарғанын атап өтті. Бұл ресурстарды шынымен мұқтаж азаматтарға бағыттауға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта мұндай көмек 285,1 мың адамға 27,1 млрд теңге көлемінде берілген.
Светлана Жақупова өндірістік жарақаттанушылық 6,5%-ға, ал өлім-жітім 4,5%-ға азайғанын хабарлады. Сонымен қатар, 522 мыңнан астам адам әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қызмет алған, 27 мың азамат инватакси қызметтерін пайдаланған.
Министр 2025 жылдан бастап минималды базалық зейнетақының өмір сүру минимумының 70%-не көтерілгенін және жыл сайын инфляция деңгейіне сәйкес индексация жүргізілетінін айтты.
«Міндетті зейнетақы жарналары кезең-кезеңімен өсіп келеді, 2028 жылы ол 5%-ке жетеді. Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне халықтың 65%-і қатысуда», — деп хабарлады Жақупова.
Сонымен қатар, министр мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін Біріңғай цифрлық платформаны енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты. Бұл азаматтарға бағытталған қолдауды қамтамасыз етіп, максималды тиімділікті береді.
Мемлекет басшысы жұмыспен қамту сапасын арттыру, әлеуметтік қолдау шараларын цифрландыруды жалғастыру, еңбек қауіптерін алдын алу, зейнетақы жүйесін жетілдіру және миграциялық саясатты дамытуға қатысты бірқатар тапсырма берді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін үкіметтің кулуарында Светлана Жақупова қандай санаттағы азаматтар жеңілдіктен айырылуы мүмкін деген сұраққа жауап берген болатын.
Сондай-ақ, министр минималды жалақыдан төмен табыс табатын азаматтар саны туралы ресми статистиканы жариялаған еді.




