«Барселона» «Атлетиконы» жеңіп, Ла Лигада «Реалдан» алға шықты

«Барселона» өз алаңында Мадриддің «Атлетикосын» қабылдап, Испания чемпионатының кейінге шегерілген 19-тур матчын жеңіспен аяқтады, деп хабарлайды dailykz тілшісі. Ойын «Камп Ноу» стадионында өтіп, алаң иелерінің пайдасына 3:1 есебімен аяқталды.
Матч қалай өтті?
Кездесуді қонақтар белсенді бастады. 20-минутта испан шабуылшысы Алекс Баэна есепті ашып, «Атлетиконы» алға шығарды. Алайда көп ұзамай каталониялық команда ойын тізгінін өз қолына алды.
- 26-минутта бразилиялық Рафинья таразы басын теңестірді.
- 65-минутта испан жартылай қорғаушысы Дани Ольмо ұжымын алға шығарды.
- 90+6-минутта Ферран Торрес матчтың соңғы нүктесін қойып, есепті 3:1-ге жеткізді.
Польша ұлттық құрамасының шабуылшысы Роберт Левандовский 36-минутта берілген пенальтиді орындаудан қателесіп, допты қақпадан жоғары жіберді.
Турнир кестесіндегі жағдай
Бұл жеңіс «Барселонаға» 37 ұпай жинауға мүмкіндік берді. Команда Ла Лига көшін бастады және басты қарсыласы «Реалдан» 4 ұпайға алға шықты. Мадридтік ұжым 33 ұпаймен екінші орында тұр және 19-турдағы кейінге қалған матчын 3 желтоқсанда Бильбаодағы «Атлетикоға» қарсы өткізеді.
«Атлетиконың» жеңіліссіз сериясы үзілді
Осы матчқа дейін «Атлетико» қатарынан 13 ойын бойы жеңілмеген еді. Бұл жолы мадридтік клубтың жолы болмады. Қазір команда 31 ұпаймен төртінші орында, олардың үстінде 32 ұпайы бар және бір ойыны артық «Вильярреал» орналасқан.




