Жәнібек Әлімханұлының допинг-тесті бойынша ресми тергеу басталды » DailyKz
Новости Спорта

Жәнібек Әлімханұлының допинг-тесті бойынша ресми тергеу басталды

Әлемдік бокс ұйымы (WBO) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының допинг-тесттен оң нәтиже көрсеткенін ресми түрде растады. Осыған байланысты ішкі тергеу жүргізіліп жатқанын dailykz хабарлайды.

VADA WBO-ға ресми хабарлама жіберді

Ұйымның мәліметінше, 2 желтоқсан күні Добровольды антидопингтік қауымдастық (VADA) жоспарланған титулдық жекпе-жек алдындағы тест нәтижелерін жіберген. Жәнібек кубалық Эрисланди Ларамен өтетін айқас алдында тапсырған сынамасында тыйым салынған зат анықталған.

WBO: спортшы түсініктеме беруге міндетті

«WBO ережелері мен талаптарына сәйкес, ашықтықты, спортшылардың қауіпсіздігін және әділ бәсекені сақтау мақсатында біз ішкі тергеуді бастадық. Боксшы мен оның командасына ресми түрде түсініктеме беру талабы жөнінде құжат жолданады. Бұл қажетті ақпаратты жинап, барлық құқықтық процестерді толық орындауға мүмкіндік береді», – деп мәлімдеді ұйым.

Сонымен қатар WBO спортшы ағзасында тыйым салынған заттың табылуына негізгі жауапкершілік оның өзіне жүктелетінін атап өтті.
«Ұйым спортшының ниетін немесе қателігін дәлелдеуге міндетті емес», – делінген хабарламада.

Тергеу аяқталғанша қосымша пікір берілмейді

Ұйым тергеу жалғасып жатқандықтан, оқиғаға қатысты қосымша түсініктеме бермейтінін хабарлады. Барлық тараптарға келесі ресми ақпарат регламентке сәйкес жеткізіледі.

Жекпе-жек өтпей қалуы мүмкін

Журналист Дэн Рафаэльдің айтуынша, Жәнібек пен Лара арасындағы кездесу тоқтатылуы ықтимал. Дегенмен бұл ақпарат ресми түрде расталмады. Жекпе-жек 6 желтоқсанға жоспарланған.
Қазіргі таңда Лара — WBA чемпионы, ал Әлімханұлы — WBO және IBF белбеулерінің иесі. IBF бұл мәселеге қатысты әзірге пікір білдірген жоқ.

Жәнібек: алғашқы тест таза болды

Боксшы X желісінде алғашқы тапсырған сынамасының таза болғанын жазды. Команда екінші тест нәтижесінің себебін түсіне алмай, қосымша тексеріс талап еткенін айтты. Әлімханұлы өзінің тамақтану тәртібі мен витаминдерін өзгерпегенін де атап өтті.

Ресми ақпарат: ағзадан мельдоний табылды

Дэн Рафаэльдің дерегінше, боксшы ағзасынан мельдоний анықталған. Бұл препарат жүрек ауруларында қолданылатын зат болып табылады және 2016 жылдан бері кәсіби спортта тыйым салынған.


АПЛ: «Манчестер Сити» сырт алаңда «Фулхэмді» 5:4 есебімен жеңді

Англия Премьер-лигасының 14-турында «Манчестер Сити» Лондонда өткен матчта «Фулхэмді» 5:4 есебімен жеңді, деп хабарлайды dailykz тілшісі.

Ойын Лондондағы «Крейвен Коттедж» стадионында өтті.

Матч нәтижесі және голдар

«Манчестер Сити» құрамында:

  • Фил Фоден — 44, 48 минуттар
  • Эрлинг Холанд — 17 минут
  • Тиджани Рейндерс — 37 минут
  • Сандер Берге — автогол (54 минут)

«Фулхэм» сапынан:

  • Саму Чуквуезе — 72, 78 минут
  • Эмиль Смит-Роу — 45+2 минут
  • Алекс Ивоби — 57 минут

Холанд – АПЛ тарихындағы рекорд иесі

Эрлинг Холанд АПЛ-дегі 100-голдық межені бағындырды. Ол бұл көрсеткішке 111 матчта қол жеткізіп, лиганың жаңа рекордын орнатты. Қазіргі маусымда норвегиялық 15 голмен бомбардирлер көшін бастап келеді.

Турнир кестесі

  • «Манчестер Сити» – 28 ұпай, 2-орын
  • «Арсенал» – 30 ұпай, 1-орын
  • «Фулхэм» – 17 ұпай, 15-орын

Related Articles

Back to top button