Жанкүйерлер жеңілістер сериясынан кейін француз клубының футболшыларын соққыға жықты

“Ницца” командасының жанкүйерлері бірнеше сәтсіз ойыннан соң футболшыларды жаттығу базасында ұрып-соққан. Бұл туралы dailykz “Чемпионат” басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
400 жанкүйер базаға баса-көктеп кірді
Footmercato мәліметінше, футболшылар сырт алаңдағы кездесулерден оралғанда, клуб базасында оларды шамамен 400 жанкүйер күтіп тұрған. Команданың көрсеткіштеріне наразы топ эмоцияларын жасыра алмады.
Еуропа лигасында “Ницца” бірде-бір ұпай жинамай, өз тобында соңғы орынға орналасқан. Ал Франция чемпионаты – Лига 1-де клуб турнир кестесінде 10-орында келеді. 30 қарашада команда тағы бір жеңіліске ұшыраған болатын.
Жанкүйерлер бапкердің кетуін талап етті
Куәгерлердің айтуынша, ашулы жанкүйерлер бас бапкер Франк Эзаның отставкасын талап етіп айқайлаған. Кейін жағдай ушығып, фанаттар футболшылармен сөзге келіп, олардың үстіне түкіріп, соққы да жұмсаған. Ең көп зардап шеккен ойыншылар қатарында Жереми Бога мен Теремас Моффи аталды.
Бұған дейінгі оқиға
Бұған дейін Аргентинада өткен матчта “Хенераль Ламадрид” клубының ойыншысы Джонатан Смит төбелес кезінде ауыр жарақат алып, ауруханаға түскен еді — оның маңдайына белгісіз адам көліктің кілтін қадап жіберген.




