Зарина Дияс Australian Open турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алды

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Қытайда өткен беделді халықаралық турнирде жеңіске жетіп, Australian Open жарысының негізгі сеткасына шықты, деп хабарлайды dailykz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.
Asia-Pacific турнирінде чемпион атанды
Зарина Дияс Қытайда өткен The Australian Open Asia-Pacific іріктеу жарысында чемпион атанып, маусымдағы алғашқы “Үлкен шлем” бәсекесі — Australian Open турнирінің негізгі кезеңіне қатысу үшін арнайы wild card иеленді. Жарыс дәстүрлі түрде Мельбурн қаласында хард кортта өтеді.
Финалда қарсыласын екі сетте жеңді
Іріктеу кезеңінің финалында Дияс қытайлық Тайбэй спортшысы Лян Эньшуомен кездесіп, екі сетке созылған матчта 6:3, 6:4 есебімен сенімді жеңіске жетті.
Australian Open-дағы үздік нәтижелері
Айта кетейік, Зарина Диястың Australian Open турниріндегі үздік нәтижесі — үшінші айналым. Ол бұл көрсеткішке 2014, 2015, 2020 және 2021 жылдары қол жеткізген.




